Categories: Общество

Алматы әкімдігі жасаған былығы үшін ақталуда

Әрине, Алматы әкімдігінің шенеуніктері «Досаевымыз қызметінен кетіп қалмаса екен» деп тілейді.

Досаевтың өзі де майлы орыннан өз еркімен кеткісі жоқ. (Әйтпесе ол Forbes нұсқасы бойынша елдегі ең бай 50 кәсіпкердің қатарына кірер ме еді?)

Трактормен тартсаң да «Мәжілістен кетпеймін» дейтін Жигули көкеміз сияқты.

Енді әкімдіктің баспасөз қызметі «Әл-Фарабиде көлік қозғалысын жеңілдету үшін екі бағытқа жол ашылды», деп ақталып жатыр.

Жалпы, алды-артын ойлай алмайтын әкімдік екен бұл.

Халықтан әбден ажырап кеткен бюрократтар қала тұрғындарының мұң-зарына түкіріп отыра береді. «Досаев кетсін» деген петицияны жақтап 47 мың адам қол қойғанда ғана шошып, ойлана бастайтын.

Айтпақшы, жол жөндеу – Досаевтың Асқар Амрин деген орынбасары жетекшілік ететін салалардың бірі.

Асқар Амрин 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейін Астана әкімінің орынбасары болып алты жыл отырған. Әсет Исекешевтің тұсында келіп, Бақыт Сұлтанов пен Алтай Көлгіновті көрген. Кешегі Тоқаев сынға алған Астанадағы былықтың біразы осы Амриннің «атқарған жұмысының» нәтижесі еді.

Енді сол бір Амрин Алматының инфрақұрылымдық дамуына жауап беретін лауазымды атқарып отыр.

Ендеше, егер Досаев Алматы әкімі креслосынан босатылып жатса, оның Амринмен қол ұстасып, әкімдіктен бірге кеткені дұрыс болар еді.

Өздерімен кетсін,деп қазақ айтпақшы…

Арман Ергалиев

Recent Posts

Казахстанцев предупредили о новой мошеннической схеме (видео)

Жителей Западно-Казахстанской области предупредили о новой схеме телефонного мошенничества, в которой злоумышленники выдают себя за…

11 часов ago

Антибиотики, препараты от давления и ЖКТ стали дешевле: что изменилось в аптеках Казахстана

В Казахстане за июль снизились розничные цены на 589 лекарственных препаратов. Такие данные получены по…

15 часов ago

У сборной Казахстана по футболу новый главный тренер

Казахстанская федерация футбола достигла договоренности с Джоном ван ’т Шкипом о работе в качестве главного…

17 часов ago

Торонто. WTA 1000. Елена Рыбакина – Энн Ли

В Торонто (Канада) проходит турнир категории WTA 1000 National Bank Open. В третьем круге «тысячника»…

20 часов ago

Эксперимент: как собрать базовый набор к школе за 16 000 тенге

Подготовка к школе как ремонт – кажется, что достаточно купить несколько мелочей, но смета растет…

2 дня ago

Выманил более 100 млн тенге на «квартиру на Кипре»: подозреваемого экстрадировали в Казахстан

Гражданина Казахстана, находившегося в международном розыске по делу о мошенничестве в особо крупном размере, экстрадировали…

2 дня ago